9.09.2015, 12:21
Оқылды: 58

Медресе де ашылар күн таяу

Janakala meshit ashilu 02   2014 жылдың мамыр айында аудандық мешіт қасынан медресе ірге тасы қаланған еді.

Әрине, медресеге бюджеттен қаржы қаралмайды. Сондықтан демеушілердің көмегімен құрылыс басталды.

«Елде болса ерніңе тиеді» дейді халық даналығы. Рас сөз. Ел тыныштығы үшін, жастар арасында имандылық тәрбиені жақсартып, жат ағымдарға жол бермеуді мақсат етіп басталған құрылысқа қол ұшын берушілер аз болған жоқ.  Өткен жылы аудан басшысы бастап, ел азаматтары қолдаған  демеушілер саны 22-ге жетіп, олардан 879109 теңге, Орал қаласындағы қолдаушылардан 800 000 теңге қаржы құрылысты бастауға мүмкіндік берді. Олардың арасында қомақты қолдау көрсеткен Т.Мусин, «СПС» ЖШС, «Кварц» ЖШС, тағы басқалар бар еді.

Janakala meshit ashilu 01

Бұл қолдау биыл да жалғасты. Күні бүгінге дейінгі жылдан астам уақыт ішінде медресе құрылысына 3902329 теңге қолдау қаржысы берілді. Қаржы қиындығы туған кезде қарыз берушілер де, құрылыс материалдарымен, қол еңбегімен көмек берушілер де бар.

Нәтижесі көп қолдаған құрылыс іркіліссіз жүргізіліп, таяу күнде пайдалануға берілмек. Әрине ішкі жабдықтарын түгендеуге әлі де қаржы қажеттігі бар. Осыған орай көмек қолын созатындар да көбейе түсер деген сенімдеміз.

 www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале