15.07.2015, 17:41
Оқылды: 36

Меже – 101 000 тонна

Sirim shop shabu Маусым айының ортасынан бері Сырым ауданының пішеншілері үшін дамылсыз еңбек науқаны басталды. Ауданның алдында 2015 – 2016 жылғы мал қыстағының қажетіне 101 000 тонна шөп даярлау міндеті тұр. Межені орындау жағы оқсап жатыр деуге әбден болады. Бүгінгі күннің өзінде 35 000 гектар шабындық алқап игерілді.

Биылғы жылы жақсы шөп өнімділігі Жосалы және Бұлдырты ауылдық округтерінен байқалып отыр. Бұл округтердегі орташа өнімділік гектарына 4- 5 центнерді құрайды. Шөп шабу науқанындағы жалпы ауданның орташа өнімділігі - гектарына 3, 5 центнер. Жаңағы жұмыстар үшін аудан көлемінде 270 орақ, 175 трактор, 1 комбайн жұмылдырылды. Сол сияқты, 120 шаруа қожалығы мен жекелеген адамдарды қоса есептегенде, жалпы саны 300 – ден астам адам мал азығын дайындау науқанында еңбек етуде.

Бұлдырты, Жосалы және Қособа ауылдық округтерінің шаруалары алғашқы деген өнімдерін  ендігі сатуға шығарды. Мөлшері 2, 5 – 3 центнерлік бумалардың құны 2000 – 2500 теңгелен белгіленіп отыр. Қазір шөптің сапасы жақсы, құрамы құнарлы. Сол себепті, қысқы мал азығының қорын осы кезден бастап жинақтаған дұрыс болар.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале