3.05.2016, 11:02
Оқылды: 60

Мейрамгүл Орашева - өнер өлкесінде

????????????????????????????????????

     Қазақ ән өнері тарихында Қаламқас Орашеваның есімі алтын әріптермен жазулы. Өмірден жастай кеткен жезтаңдай әншінің туған сіңлісі, жерлес жыршы-термеші, әнші Мейрамгүл Орашева гастрольдік сапармен Қаратөбе ауданында болды.


     Ұлтымыздың жыраулық өнерін насихаттаудағы ізденісін, шеберлігін дәлелдей білген дәстүрлі өнер өкілі, тума талант иесі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірттерінің бірі М.Орашеваның өнеріне аудан халқы құрметпен қол соқты.

     Ата-бабадан жеткен өнерді өшірмей, жалғастыртырушы Мейрамгүлдің    өмірлік жары, өнердегі серігі, күйші Мақсат Тілепберген, қазақ ән өнері тарихында Қаламқас Орашеваның есімін кейінгі ұрпаққа насихаттаушы  үзеңгілес әріптесі, жырау Набат Ойнарова да дәстүрлі әндер мен терме, толғаулар орындады.

      Сонымен бірге  сахна төрінде қара домбыраның шанағынан күміс күй де төгілді.

     Өнер сапарымен келген өнер иелеріне аудан әкімі Асхат Шахаров аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, өнерпаздарға ризашылығын білідіріп, иықтарына камзол жапты.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале