19.06.2015, 18:38
Оқылды: 55

Мейрамыңызбен, мейірімді дәрігер!

22Облыстық қазақ драма театрында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Адам жанының арашалары бас қосқан жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып,  дәрігерлер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ облыс әкімі медицина саласында жемісті еңбек етіп жүрген бес дәрігерге алғысхат табыс етті. Олардың қатарында Сырым аудандық орталық ауруханасы перзентхана бөлімінің аға акушері Ақмарал Мырзабекова, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталыққа қарасты диагностикалық зертхананың лаборанты Сәбилә  Нығметова, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігер-рентгенологы Максим Нұрғалиев, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйінің санитары Гүлнәр Мәдиева, Зеленов аудандық Қаражар медициналық пунктінің фельдшері Галина Масаева бар.

55Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов те біраз дәрігерді қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік жиын барысында  медицина саласындағы жетістіктер мен жаңалықтарды халыққа тез әрі сапалы бірқатар  БАҚ басшыларына  да сый-құрмет  көрсетілді.

Салтанатты жиын соңы  мерекелік концертке жалғасты.

www.zhaikpress.kz 

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале