12.05.2016, 14:17
Оқылды: 25

Мейіргерлер күніне арналды  

medsestraБүгін Жастар Мәдениет сарайында "Батыс Қазақстан медициналық колледжінің 100 жылдығынан мейіргерлік қызметтегі жетекшілікке дейін" тақырыбында халықаралық мейіргерлер күніне арналған облыстық конференция өтті.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен орта медициналық қызметкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға сала мамандары қатысты.

Мейіргерлік іс бойынша жиналған мәселелерді талқылап, медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, мамандық мәртебесін қалыптастыруды мақсат еткен шарада мейіргерлік мамандықтың заман жағдайына қалыптасуы туралы айтылды.

Конференция аясында үздік деп танылған қала-ауыл мейірбикелері марапатталды.

Ардагер мейірбикелерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал Кенжеғалиева

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале