1.03.2016, 17:50
Оқылды: 18

Мейірімділік мерекесі

B Maken Algis   Қаламыздағы Мұнайшылар саябағындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Алғыс айту күніне орай шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыстық ассамблея мүшелері, студенттер қатысты.


-Елбасымыз жариялаған Алғыс айту күнімен жиналған жұртшылықты құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында бірінші рет тойланып отырған бұл мерекеде ата-анамызға, ағайын-туыстарымыз, дос-жарандарымызға, әріптестерімізге және бізді қоршаған өзге де жандарға алғыс айтқанымыз жөн. Ынтымақты, бірлікті ту еткен көп ұлтты еліміз үшін бүгінгі мерекенің рөлі ерекше. Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқының ниетіне, бауырмалдылығына деген алғысы қаншалықты зор болса, ұлтымыздың да республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына үлес қосып келе жатқан өзге ұлттарға да ризашылығын ауызбен айтып жеткізу қиын,-деді Бақтияр Мәкенұлы.

Содан кейін облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Данильбек Саратов, «Хаймат» Орал неміс мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Эдуард Фрицлер сөз алды. Олар кезінде ата-бабалары Қазақстанға қалай қоныс аударғандары, оларды қазақтардың қалай қарсы алғандары туралы естеліктерімен бөлісіп, Алғыс айту мерекесінің мәні мен маңызына тоқталды.

Шара соңында студенттер мерекеге орай өлең оқыды.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале