8.07.2015, 10:44
Оқылды: 15

«Мейірім» акциясы

Bokei01150    Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығында «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының төрайымы Нәсіп Нүркенова және ұйым белсенділерінің бастауымен «Мейірім» атты қайырымдылық акциясы оздырылды. Оған аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, орынбасары Л.Т.Қайырғалиева, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.К.Арыстанбеков, сондай-ақ, аудандық мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері де қатысты.

«Қызыл ай» қоғамының ашылу тарихы мен жұмысы жөнінде түсірілген қысқа метражды фильм көрсетіліп, аудандық демалыс орталығының бишілері мен қоғам белсенділері флэшмбоп биледі. Сондай-ақ, шара барысында аудандық аурухана мейірбикелері акцияға келушілердің қан қысымы мен қан құрамындағы қант мөлшерін анықтады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале