7.06.2016, 18:38
Оқылды: 36

Мекеме қаражатын жымқырған балабақша есепшісі сотталды

Inform Balga   Қазталов аудандық №2 сотының үкімімен Жалпақтал ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының бұрынғы есепшісі Ж.Кутушева ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету) айыпты деп танылып, оған 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.


  БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар қаржылық-бухгалтерлік салада 3 жылға дейін қызмет атқару құқығынан айырылды.

   Сот талқысында белгілі болғанындай, Ж.Кутушева есепші лауазымын атқара жүріп, өзінің қызмет бабын теріс пайдаланып, мекеменің есепшотынан 288 680 теңгені жымқырған.

   Қылмыстық істі тергеу барысында сотталушы прокурормен кінәні мойындау  туралы мәміле жасады.

   Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале