11.05.2016, 13:09
Оқылды: 31

Мекен сәні мақтаныш ұялатады

Shingirlau meken sani maktanish     Шыңғырлау ауданы орталығының көшелеріне жыл сайын кезек-кезегімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін негізгі үш көше және бірқатар қосымша көшелер асфальтталып, бұл жұмыстар биылғы жылда жалғасын табады. Сондай-ақ,  жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу жұмысы да биыл жүргізіледі.


    Бүгінгі күні көшелердегі қоғамдық демалыс орындары алдындағы, мекемелер алдындағы автокөліктер тұратын автотұрақтар орындарын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл жұмыстарды бастап кеткен «Қостанай жолдары» ЖШС-гі ұжымы. Үш жылдан бері «Шыңғырлау-Ақсай» бағытындағы тас жолды жөндеуден өткізіп жатырған мекеме биылғы жылы аталған жолдың қалған бөлігі-Ақсай қаласына жақын жол аралығын, қала қасындағы айналма жолды жөндеп бітірмекші.

     –Бұл жұмыстарды биылғы жылдың қараша айына аяқтауға жоспарланған еді, дегенмен, ауа-райы мен жұмыс барысындағы кейбір маңызды жағдайлар тұрақты болса одан да тез аяқтаймыз деп отырмыз. Осы Шыңғырлау ауданында орналасқан біздің асфальт зауытымыз бұл мақсатта бізге үлкен көмек беріп тұр. Қазір аудан орталығында 4 автотұрақ орындарын жасап тастадық. Енді, негізгі жұмысымыз-«Шыңғырлау-Ақсай» жолын жөндеумен айналысамыз. Бізде қазірдің өзінде 40-тан аса жұмысшы еңбек етуде,-дейді құрылыс бригадасының шебері Самғат Кәдіржанов.

    Аудан көшелерінің сәні де, көркі де келісті. Бұл тұрғыдааудан орталығының күндізгі, түнгі көркіне көңілі толған аудан тұрғындарының көкірегін мақтаныш билейді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале