10.08.2016, 9:34
Оқылды: 31

Мектепке арналған базарлық

Жыл сайын әр облыста 1-қыркүйек білім күні қарсаңында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. «Жақсылық жаса» мақсатын ұстанған осынау керемет акция барысында Батыс Қазақстан облысының орталығы-Орал қаласындағы №31-жалпы білім беретін орта мектепте «Жол тәртібін білейік аман-есен жүрейік» атты жол жүру ережесіне арналған арнайы зал ашылды. Мектептің 2 қабатындағы залға  түрлі-түсті суреттерімен, арнайы жазуларымен көз тартарлық үлкен тақта орнатылған. Залдың ашылуына қатысқан оқушылар жол белгілері, жаяу жүргінші жолы, велосипед жолы туралы  мәліметтерді оқып танысты. Ата-аналар да мұғалімдер мен ата-аналарға арналған жадынаманы оқыды.mektepke bazarlik

Залдың ашылу салтанатында алғаш сөз алған БҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы, полиция подполковнигі  Нұртай Лезов жаңа оқу жылы қарсаңындағы бүгінгі тарту-таралғының барлығы оқушыларға арналғанын айта келе, жардағы бірнеше тақталардағы жадынанамалар туралы кеңінен түсінік берді. Жас жол сақшылары арасындағы облыстық, қалалық байқауларда жүлдегер атанып жүрген мектептің «Бағдаршам» отряды «Бағдаршам», «Көлікте абай бол», «Жол белгісін білесің бе?» тақырыптарында тақпақтарды нақышына келтіре жарыса оқып, көпшілікті жол ережесін сақтауға шақырды.

Дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы кезінде бірнеше отбасының ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Орал техсервис» ЖШС жаңа оқу жылында тағы мәрттік танытты. Залдың ашылуына және оқушыларға арналған базарлыққа демеушілік көрсеткен «Орал техсервис» ЖШС директорының орынбасары Андрей Баклан құттықтау сөз сөйлеп, балалар шығармашылығына арналған сурет салудан байқау жеңімпаздарын атады. Жол қозғалысы ережесі білімі бойынша өткен облыстық байқаудың жүлдегерлері Алихан Калимуллин, Даурен Даулетов, Максим Ефремов, Вадим Иванов, Азат Борашев, Ангелина Бакасова есімді кішкентай оқушылар «Үздік сурет» номинациясымен марапатталды. Балғын суретшілерге БҚО ІІД ӘПБ атынан «Алғыс хаттар» мен қойын дәптерлерді, жадынамаларды, өзге де естелік сыйлықтарды   Нұртай Лезов тапсырды.

Гүламан Исмагулова

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале