2.08.2016, 17:49
Оқылды: 33

«Мектепке жол» акциясы аясында полиция қызметкерлері  балалар үйінде

lezov

«Мектепке жол» республикалық  акциясы аясында полиция қызметкерлері Орал қаласында орналасқан «Балалар ауылы» балалар үйінде болып, жол қауіпсіздігі бойынша 4 пен 14 жас аралығындағы балалардың қатысуымен іс-шара өткізді.


Балалар ауылында барлығы 74 бала тәрбиеленетін болса, соның 40-тан астамы аталған  іс-шараға қатысты.  Шараның басты мақсаты -  балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау.

Балалар ауылының  педагогы  Зүлфия Муканованың айтуынша бұндай театрландырылған шара балалар үйінде  жие өткізіліп тұрады және балалар жол қауіпсіздігі жөніндегі  облыстық конкурстарға  қатысып, сан мәрте жеңімпаз атанып жүр.

Балалар жол қауіпсіздігі жөніндегі өздерінің біліктіліктерін жақсы көрсете білді. Сонымен қатар  бүлдіршіндер «Бағдаршамды түстер бойынша орналастыр» ойынына қатысып, өлең оқып, әндер шырқады.

Шараның басты ұйымдастырушысы БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезов балаларға жолдан өтудің қауіпсіздігін түсіндіріп, оларға естелік сыйлықтармен қатар оқу құралдарын табыстады.  Шараға белсене қатысқан қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шараның соңында «Жолдос көмекке дайын» атты мультемедиалық фильм көрсетілді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале