31.07.2015, 17:58
Оқылды: 45

«Мектепке жол» акциясы басталды

Sirim mektepke jol    Елбасының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясы ауданымызда бастау алды.

31 шілде, жұма күні Сырым Датұлы атындағы саябақта  «Балаларға бірге көмек берейік!» қайырымдылық марафоны аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі, мәслихат аппараттары және жеке кәсіпкерлер балаларға мектепке қажетті киім-кешектер мен оқу құралдарын табыс етті.

Жүрек жылуын ұсынып, жақсылық жасауды пейіл еткен ауданымыздың жаны жомарт азаматтары, дербес бөлім және мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, шаруа қожалық басшылары да алдағы кезеңде сауабы мол іске ат салыспақ.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Ерниязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале