6.08.2015, 9:41
Оқылды: 21

«Мектепке жол» акциясы бастау алды

Janibek mektepke jol    Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» акциясы – оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз етудің үлгілі үрдісі. Дәстүрге айналған бұл шара биыл да аудан көлемінде «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілмек. Осы орайда, аудандық мәдениет және демалыс саябағында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қайырымдылық акциясының шымылдығын ашып, партия төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбеков 2015-2016 жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушыларға оқу құралдары толы сөмке табыс етіп, ізгі тілектерін арнады. Мектепке баруға асыққан балалардың жүзінде қуаныш лебі сезіліп тұрды.

Иә, жақсы істердің жанынан табыла білген ел ағаларының осынау қамқорлығы адамгершіліктің биік тұлғасындай. Аз қамтылған отбасыларға қол ұшын бергісі келгендер саны артса нұр үстіне нұр болар еді.

www.zhaikpress.kz

 Арайлым Рашитқызы

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале