7.08.2015, 18:53
Оқылды: 76

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Janakala mektepke jol  Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін, көмек көрсету мақсатында 2015 жылғы  1 тамыз - 30  қыркүйек аралығында өткізілетін «Мектепке жол» акциясының алғашқы аптасы қорытындыланды. Жаңақала ауданы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептерде ақпараттандыру бұрыштары жасақталып, көшелерде тұрғындар үшін акцияның өткізіліп жатқандығы және көмек көрсетемін деген азаматтарды атсалысуға шақыру  мақсатында үндеулер ілініп, парақшалар таратылды. Аула аралау жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж балалар анықталуда. Күні бүгін сабаққа бармаймын деп отырған бала жоқ. Алғашқы аптадағы жүргізілген аула аралау жұмыстарының  нәтижесінде  көмекке мұқтаж 60 бала анықталып, оларға бюджеттен тыс қаражат есебінен 186 мың теңге көлеміндегі сомаға мектепке арналған киім-кешек, кеңсе тауарлары сыйға тартылды. Аудан бойынша бала еңбегін заңсыз пайдалану фактісі анықталған жоқ. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді дана халқымыз. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын халыққа берері мол акцияға бәріміз атсалысып, мұхтаж жандарға көмек қолын созып, оларға жәрдемдесейік, ағайын. Жүрегі жылы, мейірімді, қолдары ашық азаматтар елімізде көп болса, балаларымыздың жағдайы оң болары Һақ. Бүгін қамқорлық көріп жатқан оқушылар болашақта ел сенімін ақтайтын үлкен азамат пен азаматша болып өсетініне сеніміміз мол. «Берсең балаға бер» деп дана халқымыз айтқандай, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қолға алынып жатқан  игілікті іс  әлі де жалғасын табады.

www.zhaikpress.kz

А.УРАЗГАЛИЕВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале