Ақжайық аудандық орталық ауруханасының ұжымы «Мектепке жол» акциясына сүбелі үлес қосты. Атап айтқанда, Қабыршақты, Құрайлысай, Ақжол, Жайық, Ақсуат, Көнеккеткен, Есенсай және Бударин ауылдарындағы әлеуметтік әлсіз отбасыларындағы 16 оқушыға 100 мың теңгенің оқу-құралдарын, мектеп киімдерін алып берді. Сөйтіп, осы ұл-қыздар мен олардың ата-аналарынан алғысқа бөленді.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы