25.08.2015, 17:13
Оқылды: 23

Мектепке шақырған акция  

 

Каратобе мектепБиылғы жылы елімізде республикалық деңгейде сегізінші рет қатарынан өтіп жатқан, әр жаңа оқу жылының алдында бастау алатын «Мектепке жол» қайрымдылық акциясының қаратөбеліктер үшін де маңызы зор.

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балалардың оқудан тыс қалмауын қадағалау және күн көрісі төмен отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету.

Акцияда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жасұлан Сұлтан, аудандық мәслихат хатшысы Батырғали Тойшыбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, ата-аналар атынан Мейрамгүл Қайыржановалар сөз сөйлеп, демеушілік танытқан қаратөбелік ағайынға алғыстарын жеткізді.

Каратобе мектеп (1)Қазіргі таңда аудан бойынша 307 оқушыға 1 168000 (миллион жүз алпыс сегіз мың теңге) қаржы көлемінде көмек көрсетіліп, оқу-құралдары мен мектеп формалары, аяқ киімдер, спорттық киімдер берілді.

Ауданда биылғы оқу жылында аз қамтылған отбасы балаларына «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» 1 миллион теңгеге кеңсе тауарлары және 1млн. 555 мың 100 теңге мөлшерінде киім-кешек бөлінді.

Бүгінгі күні демеушілерден 109 оқушыға 567 мың теңгеге оқу құралдары мен мектеп формалары берілді, - дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Арайлым Нұрсұлтанова.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарада сөз алған ата-ана Мейрамгүл Қайыржанова:

 

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале