25.10.2016, 17:44
Оқылды: 49

«Мектептен үйге дейін қауіпсіз жол» акциясы өтті

 %d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf%d1%82%d0%b5%d0%bd-%d2%af%d0%b9%d0%b3%d0%b5-%d0%b4%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%96%d0%bf%d1%81%d1%96%d0%b7-%d0%b6%d0%be%d0%bb-%d0%b0   Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында тағы бір шара ұйымдастырылды.

  2016 жылы 24 қазан күні «Мектептен үйге дейін қауіпсіз жол» акциясы аясында БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Батыс – Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі мамандарының және тәртіп сақшылары мен қаладағы №1 жалпа орта білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен жол қозғалысын реттеу жұмыстары жүргізілді.


  Шараның мақсаты - мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында жол - көлік және тұрмыстық жарақаттану мәселелеріне тұрғындардың назарын аудару, қоғамдық көлікте жасөспірім балалар, мектеп оқушыларының қауіпсіз тасымалдануын (автокөлік орындықтарын пайдалану, қауіпсіздік белдіктері, велосипед, мотоцикл, мотороллерлер және мопедтер жүргізу кезінде қауіпсіздік шлемдерін тағуын)  қамтамасыз ету және басқа да жарақаттанудың  алдын алу бойынша түсіндіріп, сол жөнінде ақпараттық білім беру материалдарын тарату болатын.

Арнайы киімдерімен ерекшеленген жас жол сақшылары жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтпекші болған егде жастағы адамдар мен төменгі сынып оқушыларына  көмектесіп, қолдарына жаяу жүргіншілердің міндеттері жазылған парақшаларды таратты.

«Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл акция жаяу жүргіншілерді және мектеп оқушыларын жол үстінде қауіпсіз өту үшін тиісті жол ержелерін қатаң сақтауға шақырады. Мұндай акциялар әлі де жалғасын таппақ», - деді   «Батыс – Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берікқалиев Әділет.

 

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале