24.11.2016, 11:54
Оқылды: 40

Мектептер арасындағы желілік қоғамдастықтың рөлі қандай?

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%83-%d0%b1%d3%a9%d0%bb%d1%96%d0%bc%d1%96-1Осы мәселе Зеленов аудандық білім беру бөлімінде өткен ашық есік күнінде талқыланды. Оған облыстық оқу-әдістемелік, кабинеттің басшылары, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.


«Білім мазмұнын жаңарту аясындағы проблемалар, шешімдер және ізденістер» тақырыбындағы бұл жиында аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Исмағұлова білім жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылықтарға тоқталды.

-Желілік қоғамдастықтың мұғалімдердің кәсіби дамуында рөлі зор. Еліміздің педагог қызметкерлерінің арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындады. Курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысты, сондықтан өз мектептерінің білім сапасын көтеруге қызмет етуде. Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету модельдерінің бірі – мектепке және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Мұндай қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мәселен ауданымызда 4 желілік қоғамдастық бар. Оларда ұйымдастырушы, үйлестіруші, дамытушы топтар жұмыс жасайды. Қоғамдастықтың арқасында деңгейлік бағдарлама игерген мектептердің қандай жұмыстар атқарып жатырғанын, мектептің психологиялық ахуалын, көшбасшы ұстаздарды тани түстік, - деді аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Гүлжан Рамазанова.

Одан әрі координаторлық-критериальды бағалау жүйесін басқару, тренерлік қызмет жөнінде баяндалып, қатысушылар пікір алмасты.

Д.Дербісалы

Зеленов ауданы

         www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале