16.09.2015, 18:00
Оқылды: 22

Мектепте бала аздығы алаңдатады

Janakala mektepte balanin azdigi alandatadi  Жаңақала ауданындағы кейбір шағын жинақты мектептердің ертеңі бұлыңғыр. Қазірдің өзінде бала саны жетпей, жабылып қалудың аз-ақ алдында тұрған мектептерді аудан басшысы Лавр Хайретдинов өз көзімен көріп қайтты.

Кезінде негізгі мектепке оқушы саны толған Пятимар ауылдық округіне қарасты Аққұс ауылында жеті оқушы ғана бар.  Бірінші сыныбында бала жоқ, дайындық тобында бала жоқ, шағын орталыққа бала жоқ. Демек, келесі оқу жылында бірінші, екінші сыныбында, дайындық тобында оқушы болмайды. Үшінші сыныпта бес оқушы, төртінші сыныбында екі оқушы ғана болады. Олар бітіргенде мектепте оқитын оқушы қалмауы кәдік.Саралжын ауылындағы мектептің бірінші сыныбына келесі оқу жылында бір оқушы ғана барады.Үшкемпірде биыл дайындық тобы, шағын орталығы жоқ. Демек бұл ауыл мектебіндегі  бала саны да азая түседі деген сөз.

Плантацияда да дайындық тобына бала жоқ.

Көңілімізді бірлеткен Борық бастауыш мектебі ғана болды. Күні бүгін 18 оқушы оқиды. Оның 6-ы дайындық тобында. Шағын орталығында да 14 сәби тәрбиеленуде. Бұл ауылда демографиялық жағдай қалыпты, ел көшпеген, түтіндері түзу.

Десе де, бастауыш мектеп жабылуымен елді үркітуге де болмайды. Бастауыш мектебі жоқ Салтанат елді мекенінің балалары орталық оқып, бұрынғыша күн кешіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале