13.10.2015, 17:35
Оқылды: 23

Мектеп ауласында оқ атып, мылтығынан айырылды

sudЖаңақала аудандық сотының 12 қазан күнгі қаулысымен Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Жуалыой елді мекенінің В. деген тұрғыны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 436-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, пневматикалық қаруы тәркіленіп, 10 АЕК көлемінде 19820 теңге айыппұл салынды.БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат мектеп ауласында оқ атқан.

Сот талқысында ол кінәсін мойындап, пневматикалық қаруды Орал қаласында сатып алып, бірақ құжат жүзінде рәсімдемегенін мәлімдеген.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале