24.05.2016, 12:26
Оқылды: 53

Мектеп мұражайы мақтанышымыз

Zelenov mektep myrajayi    Зеленов ауданына қарасты Озерный ауылындағы  мектепте Халықаралық мұражай мерекесімен тұспа - тұс келген тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

   Мұражайдың жасақталуына  мұрындық болған осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі  Наталья Еременко екендігін айта кеткен жөн.


          Ашылу салтанатында сөз алған Н.Еременко мектеп мұражайының болуы маңызды екендігін тілге тиек етті. Ал одан әрі М.Шолохов атындағы мұражайдың директоры О.Чеканова:

      -Мұражай – тарих айнасы. Ол тек оқушылардың өз өлкесін танып білуге ғана емес, көне жәдігерлердің сырларына үңіліп, өздеріне қажеттінің барлығын керегіне жаратады. Сыныптан тыс жұмыстарға да пайдасы зор деуге болады. Тек оқулықпен шектелмей, оқушылардың ізденулеріне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың жан-жақты болуына көмегі бар,-деп сөзін түйіндеген ол естелікке бірнеше кітаптарды тарту етті.

       Сондай-ақ, Дариян ауылдық округінің орынбасары Т.Әбубәкіров, аудандық балалар және жасөспірімдер туризм мен экология орталығының әдіскері И.Абдрахманов, аудандық Приурал аймақтық педагогтардың кәсіподақ төрағасы А..Кальтиев, ардагер ұстаздар М.Ермешова, Л.Тихоновалар жылы лебіздерін білдірсе, мектеп оқушылары арнайы әзірлеген өлең жолдарын оқып берді.

     Содан соң салтанатқа қатысушылар мұражайдағы  жәдігерлермен танысты.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан  АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале