30.11.2015, 21:07
Оқылды: 26

Мемлекеттік мерекеге орай Жәнібекте салтанатты жиналыс оздырылды

Janibek el tiregi elbasi  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің еліміз, халқымыз үшін орны ерекше. Өйткені Елбасы  қазақ елінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігімізді баянды қылып, жасампаз Қазақстан мемлекетін құрды. Соқтықпалы, соқпақсыз кезде тыңнан түрен салып, халқын өркениетке жетелеген, һәм дамыған мемлекеттердің қатарына қоса білген Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев – ғасыр тұлғасы, ұлы есім. Осынау мерекеге  орай бүгін аудандық мәдениет үйінде  салтанатты жиналыс  оздырылды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат  Мұқаев жиылған жұртшылықты  құттықтап, былай деді: - Баршаңызды ерекше мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

1991 жылғы 1 желтоқсанда өткізілген сайлаудың қорытындысына сай Нұрсұлтан  Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланғаны мәлім. Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығына қиын кезеңде келді. Дегенмен, мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері, Елбасы бекіткен ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалар мен 5 институционалдық реформалардың табысты іске асырылуы тарихи өлшемдегі қысқа мерзімде ел экономикасының қарқынды дамуына, сол арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына зор септігін тигізгені сөзсіз.


 

Бүгінде елімізде атқарылып жатырған игі істерді бүкіл әлем жаңғыртудың қазақстандық үлгісі, дамудың қазақстандық жолы ретінде тануда. Қазіргі экономикалық қиындықтарға қарамастан мемлекет әлеуметтік салаға үнемі қолдау көрсетіп, ауылдық аймақтарды дамыту, экономиканың ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, инфрақұрылым жүйесі салаларын одан әрі дамыту бағытында кешенді жұмыстар атқаруда.

Оны жәнібектіктер де айқын сезініп, игі істердің жемісін көруде. Жылдан-жылға әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың көлемі артып, ауданымызда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, құрылыс салалары жақсы қарқынмен дамуда. Мемлекеттің қолдауымен тұрғындарды ауыз сумен, табиғи газбен, баспанамен қамтамасыз ету, инфрақұрылым жүйесін нығайту және жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылуда.

Мұндай жетістіктіктер – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі деп білеміз. Сондықтан халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Ардақты ағайын! «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Одан соң аудан әкімі Мұрат Рахметұлы   аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев, ардагер ұстаз  Қабаш Жүнісов, мәдениет саласының ардагері Қадер Орақаев, Жәнібек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Меркен Кенжеғалиевті «Қазақстан Республикасы Конституциясына -20 жыл»  төсбелгісімен марапаттады.

Мерекелік жиында  бір топ азаматтар мен азаматшалар «Нұр Отан»  партиясы қатарына мүшелікке қабылданды.

Казақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Мәриям Абдуғалиева, «Жәнібек аудандық орталық аурханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының күндізгі стационар медбикесі Ақзила Ғабдолова,  аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов, «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны аудандық халық театрының режиссері  Әлішер Кенжеғалиевтерге аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Жиын соңы мерекелік концертке жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале