12.06.2015, 17:32
Оқылды: 24

Мемлекеттік рәміздерді қолдану аясындағы кемшіліктер сыналды

Akim Nurtas01  Бейсенбі күні облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүргізген отырысқа мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында Бөрлі, Шыңғырлау ауданы әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді қолдану, насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибелері және денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласындағы жұмыстарының жай-күйі, сондай-ақ, ҚР СТ 989 - 2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, техникалық шарттары» ұлттық стандарттарын насихаттау мен қолдау саласындағы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселелер қарастырылды.

Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева аталған тақырыптарда баяндама жасады. Олар облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссиясының тексеруі кезінде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бағытында өз қызмет салаларына қатысты анықталған бірқатар олқылықтар жайына тоқталды. Оларды жою бағытындағы бүгінгі әрекеттері туралы баяндады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен насихаттаудың мән-маңызын айрықша атап өтті. Ол бұл бағытта орын алған кемшіліктерді өткір сынға алып, оған жауапты қызметкерлерге нақты нұсқау, тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале