3.06.2016, 13:02
Оқылды: 28

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтады

SONY DSC

  Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігін айғақтайды. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.


  Осыған орай бүгін Жаңақала ауданындағы рухани орталықта Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнін орындау шарасы өтті. Оған Жаңақала ауылдық округі әкім аппараты қызметкерлері, аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы мен аудандық «Жаңарған өңір» газеті редакция ұжымы қатысты. Акцияда сөз алған Жаңақалаа уылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Бақтыгереев жиналғандарды мерекемен құттықтап, «Әрбір қазақстандық азаматтың рәміздерімізді құрметтеуге және олардың тұғыры биік болсын!»- деген ізгі  тілегін жеткізді.

    Акция барысында ҚР Мемлекеттік гимнімен патриоттық әндер шырқалды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале