4.06.2016, 11:35
Оқылды: 23

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Screenshot_2016-06-04-12-28-09-1Қаратөбе ауданындағы орталық саябақта Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты салтанатты шара өткізілді. Ауыл тұрғындарын аудан әкімі Асхат Шахаров айтулы мерекемен құттықтады.


- 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні деп бекітілгені баршаға белгілі.

Screenshot_2016-06-04-12-26-54-1Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып саналады. Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықты жалғайтын жарқын бейне ол – Мемлекеттік рәміздер. Ұлттың басты құндылығы ұлттық нышандармен тығыз байланысты. Атап өтер болсақ, Әнұран, Елтаңба, Ту бұл барлығы мемлекеттік рәміздерді айқындаушы күш.
Біздің басты ұстанынымыз – елімізге адал қызмет ету. Мызғымас тыныштықты берік ұстау – біздің басты міндетіміз,- деп атап өтті аудан басшысы.
Одан әрі аудан белсенді жастарының Әнұран айтуымен аудан әкімі Асхат Шахаров пен аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев көк туымызды жоғарыға көтерді.
Салтанатты шара соңы «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының бүлдіршіндерінің әсем әндерімен әрленді.

www.zhaikpress.kz

Қуанышәлі БАЯНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале