12.09.2015, 9:03
Оқылды: 23

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі семинар

Shingirlau memlekettik satip alu jonindegi seminar   Мемлекеттік сатып алу веб-порталында есептілік әкімшілігі, реестрлерді қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы «Электрондық мемлекеттік сатып алу туралы» №378 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алу саласында енгізілген өзгерістерін таныстыру бойынша барлық аудандарда семинар-кеңес  оздырылуда.    Осы бағыттағы семинар Шыңғырлау аудан әкімдігіндегі кезекті құқықтық оқыту  негізінде  10  қыркүйек күні өтіп, оған барлық мекеме- ұжым басшылары, мамандары қатысты. Семинарды  аудан әкімінің орынбасары  Альберт Есалиев жүргізіп отырды.

Семинарда  мемлекеттік сатып алу веб-порталында есептілік әкімшілігі, реестрлерді қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы «Электрондық мемлекеттік сатып алу туралы» №378 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алу саласында енгізілген өзгерістер туралы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Айгерім Жұбаналиева толыққанды баяндама  жасады.

Семинарға қатысқан тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар беріліп, баяндамашы тұщымды жауаптар  беріп отырды.Семинарға осы басқарманың инфрақұрылымды дамыту  бөлімінің бас маманы Салтанат Абдушева  қатысып отырды.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале