22.12.2015, 21:50
Оқылды: 33

Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Karatobe elbasi siligi  14 желтоқсан күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған ғалымдарды марапаттаған болатын. Салтанатты жағдайда құрметке бөленген 39 ғалымның еңбегі 6 ұжымдық және бір тақырыптық жұмыстар циклі бойынша жіктелді.


- Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық марапат атаулының ішіндегі ең жоғарғысы болып саналады. Биыл мұндай марапатқа 6 ұжымдық және бір жеке жұмыс циклы лайық деп танылып отыр. Бұл еңбектер көмірсутегі, ғарыш және ауылшаруашылығындағы жаңа технологияларға жол ашты. Металлургия, химия, физика, медицина саласына инновациялық жаңашылдықтар енгізді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы құттықтау сөзінде.

Мемлекеттік сыйлықтың бірі «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты ұжымына берілді.

Алты адамнан тұратын авторлар құрамында эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, жерлесіміз Досболаев Мерлан Қылышұлы да бар.

М.Досболаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетін радиофизика және электроника мамандығы бойынша бітірген.

Қазіргі таңда АТҰНЗ және ЭТФҒЗИ-терінің жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс жасайды.

2009 жылы «Тұрақты токты солғын разрядтағы плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін экспериментте зерттеу» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Сонымен қатар ол дарынды жас ғалымдарға арналған ҚР Мемлекеттік стипендиясының үш мәрте иегері, екі инновациялық патент иегері болып табылады. 85-тен астам ғылыми мақаласы республикалық және шетел журналдарында жарық көрген.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале