17.02.2016, 19:06
Оқылды: 23

«Мемлекеттік тілге шорқақтығымызды жою үшін, тектеріміздегі «-ов», «-ева», «-ина» сынды аффикстерінен арылғанымыз жөн»

Kazak tili   Ақпан айының 17-де Подстепный селолық округінде «Мәңгілік ел идеясы – ұлт құндылығы» тақырыбымен «25 жылдыққа - 25 танымдық шара» патриоттық акциясы аясында басқосу өтті.


 Жиынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің бас маманы Гүлнар Әлжанова ұйымдастырды. Сонымен бірге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Шиншараның қонағы болды. Аталмыш акция Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 9-10-сынып оқушыларына, Теректіколледжінің студенттеріне және Федоров қазақ мектебінде оздырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – өз ұлтымыздың қазақ екенін айқындайтын тәуелсіз елдің ұланын тәрбиелеу.

  • Қазіргі таңда азаматтардыңжеке басын куәландыратын құжаттардан әріптік қатенің кетуі, дүниеге келген сәбиге өзге ұлт есімдерінің берілуі, жер-су аттарының кеңестік кезеңдегі атаулармен қалып қоюы қынжылтады. Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп тұрғанмен, мемлекеттік тілге келгенде әлі шорқақпыз. Бүгіннен бастап туылған нәрестеге тарихта аты қалған бабаларымыздың әдемі есімдерін қойсақ, тектеріміздің «-ов», «-ева», «-ина» сынды аффикстерінен арылсақ, орыстанып кеткен елді мекендер мен көшелеріміздің атауына жаңа есім берсек, дұрыс болар еді, -деп Гүлнар ханым мәселе төңірегінде көптеген мысал келтірді.

16 жасқа толған соң,  құжатқа тапсырыс беру кезінде осындай қателіктерді болдырмау мақсатында жүргізілген үгіт-насихат әсерлі өтті. Елбасымыз да ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, іске асыру жөнінде  Жарлыққа қол қойған болатын. «Егер әр адам тегін, есімін ауыстыруға ниет қылса, әр кезде де кеш емес. Төлқұжат өмірлік айна, ал есім - елдіктің белгісі,» - деп Гүлнар Жәрдемқызы сөзін аяқтады.  Оқушылар да көкейіндегі сұрақтарын қойды.

Тәуелсіз елдің төл ұрпағы атанғымыз келсе, осы істі қазірден бастап қолға алайық.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан МАХМЕТҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале