15.07.2015, 17:47
Оқылды: 49

Мемлекеттік тілде іс жүргізу тақырыбындағы семинар өтті

Taskala kazak tilinde is jyrgizu  Аудандық кітапханада Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде қаржылық және статистикалық есеп құжаттарымен іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында көшпелі  семинар-кеңес өтті.

Аталмыш  шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева  мен облыстық тілдердідамыту басқармасының басшысы М.Ихсанғали, сондай-ақ Батыс Қазақстан ғылыми зеріттеу институтының директоры Ү.Жаңабеков пен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Г.Әлжанова, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, есепшілер қатысты.

Жиынды ашқан Люция Әсетқызы  аудан бойынша мемлекеттік тілдің қолданысы, мен ономастика бойынша атқарылған бірнеше жұмыстарды тілге тиек етті. Тілдің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Гүлнар Жәрдемқызы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аудан көлемінде орындалуы» туралы баяндады.

Сондай-ақ облыстағы тіл саясаты жөнінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Махамбет Мәтенқожа да өз ойын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале