17.07.2015, 13:47
Оқылды: 35

Мемлекеттік тілдің мерейін өсірді

 

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

ҚР халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 5517-әскери бөлімнің акт залында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы оздырылды. Оған ҚР Ұлттық ұланы әскері «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің қызметкерлерінен өзге ұлт өкілдері қатысты.

Мұнда  сайыскерлердің сахнада жатық сөйлеп, өзін еркін ұстауы, тіл байлығы, көркем мәнері, қойылымға қатысу, мақал-мәтел айтудан шеберлігі бағаланды. Ұлттық ұлан әскері бас қолбасшылығының тілдер саясаты және ақпарат бөлімінің аға офицері, подполковник Чапай Сәкенов төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпазы боп  Владим Грачов (Атырау) Астанаға жолдама алды. Екінші тұғырдан Константин Андреади (Ақтөбе) табылды. Жүлделі үшінші орын Денис Ващук (Ақтау) пен  Николай Колесниковке (Орал) тиесілі болды. Олег Дахов (Маңғыстау) «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы К.Ахтановтың атынан мақтау қағазымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале