13.05.2015, 19:33
Оқылды: 21

Мемлекеттік хатшы жапон елшісімен кездесті

japon1Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаеси Камохарамен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ қазақстандық тараптан: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Мәжіліс депутаты  Е.И.Тарасенко, жапондық тараптан: Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі Мотоюки Фудзии, Мәдениет агенттігінің дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімінің директоры Такахиро Окамота қатысты.

Кездесуді аша отырып, Мемлекеттік хатшы, Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестігі екенін жеткізіп, біздің елдеріміз арасындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың маусым айында Жапонияға жасаған сапарыныңнәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенінайрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады.  Айталық, 2014 жылы ҚР мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды (экспорт – 741 млн.долл., импорт – 925 млн.долл.) құрады.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел халықтарының өсіп келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласындағы екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу соңында тараптар гендерлік теңдік мәселелерін, соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекиндік декларация және Іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Жапония Елшісі ҚР Мемлекеттік хатшысына ү.ж.тамызда Токиода өтетін 2-і Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына қатысуы үшінЖапонияның Премьер-Министрі Х.Абэнің шақыруын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале