4.06.2015, 11:56
Оқылды: 35

Мемлекеттік қызметтің басты арқауы

SONY DSC

SONY DSC

Жәнібек ауданы әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен аудан активінің жиналысы оздырылды.

Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан Сүйінбаев жүргізіп отырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ерік Төлепқалиев «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер туралы» және жаңа ҚР Қылмыстық кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және әкімшілік кодексіндегі мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың негізгі новеллалары жөнінде баяндады.

SONY DSC

SONY DSC

Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жайы туралы аудан прокурорының көмекшісі Қуанышбек Қапезов және аудан әкімі жанындағы тәртіптік комиссияның жұмысы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов хабарламалар жасады.

Басқосу аяқталған соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан Сүйінбаев азаматтарды қабылдады. Оның жеке қабылдауына келген Бекет Әліпқалиев, Жанар Қошанова, Айгүл Бекқалиева, Мирасбек Төрешев сынды аудан тұрғындары мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлық заңнамаларын ізгілендіру, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, тұрғын үй қызметі көмегін көрсету, жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау, жеңілдіктер жасау хақындағы ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Аталмыш тақырыптағы басқосулар Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарында да оздырылып, азаматтарды жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

                                                                        Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале