23.06.2016, 18:46
Оқылды: 15

Мемлекеттік қызметшілерге марапат

 Бүгін Қаратөбе ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара оздырылды.


Аудан әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік қызметшілердің маңыздылығын айта отырып,  оларға ізгі тілектерін жолдады.

Мемлекеттік қызметшілерге арналған шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы М.Нұртазиннің алғыс хатымен, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Есекенованың алғыс хатымен және аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Салтанатты шара соңы аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлері дайындаған мерекелік концертке ұласты.  

www.zhaikpress.kz
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале