23.06.2016, 16:48
Оқылды: 22

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Zhanibek memkyzmetkerler marapattaldy         Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиналыс оздырылды.


Жиында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтады.

Жәнібек ауданының басшысы аталмыш мерекеге байланысты бірқатар мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті. Атап айтсақ,  БҚО облысының әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Молдашев, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мирболат Нұртазиннің алғыс хатымен Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлнар Хайрушева, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы Зина Құбаева және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Райгүл Тастенова марапатталды.

Ал ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиадада 1-орындарға ие болған аудандық ерлер және қыздар командасының мүшелеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар басқосуда «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 21 бабына сай мемлекеттік қызметке алғаш келген мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

www.zhaikpress.kz
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале