13.01.2016, 20:41
Оқылды: 14

Мемлекеттік қызметшілер сапалы қызмет көрсетуі тиіс

 Sirim Memlekettik kizmetkerler  Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау және жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментінің басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Мирболат Нұртазин, аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Мирболат Сүйеуұлы өткен жылдың қарашасында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңын түсіндірді. Заңда айтылған құзіреттер, тәлімгер, үстемеақы, мемлекеттік қызметшінің ілгерілету, Е қызмет жүйесі, әдеп жөніндегі кеңес, персоналды басқару қызметі, мемлекеттік қызметке кірудегі шектеулер, мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін заңбұзушылық туралы түсінік берді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңына қатысты сыбайлас жемқорлық Әкімшілік  кодескпен және Қылмыстық кодекспен қаралатынын айтты. Сондай-ақ Мирболат Сүйеуұлының айтуынша, қаңтар айынан бастап кадр резервін қалыптастыру жойылды,  жыл сайынғы бағалаудан екі жыл қатарынан оң баға ала алмаған  мемлекеттік қызметші қайта аттестациялауға жіберіледі немесе лауазымы төмендетіледі, не болмаса, жұмыстан босатылады. Мемлекеттік қызметшінің «Ар-намыс кодексі» «Әдеп кодексі» деп өзгертілді.

Дөңгелек үстелде аудан әкімі А.Шыныбековтың тарапынан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сауалдар қойылып, жауап берілді.

Дөңгелек үстелді аудан басшысы А.Шыныбеков қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале