10.06.2015, 17:12
Оқылды: 41

Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы

mem spartakiadaЖуырда «Жастар» спорт алаңында Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметкерлер күнінің 15 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілердің VІІ спартакиадасы өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жарыс волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, гір спорты, қол күресі, жүзу ойындар түрлері бойынша өтті.

Сайысқа 9 ауылдық округ әкім аппататымен, дербес бөлімдерден  2 команда, аудан әкімдігі, аудандық маслихат, Аудандық аумақтық инспекция, қазынашылық басқарма,аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, аудандық әділет басқармасы және аудандық статистика басқармасының құрама  командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанғандарға алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале