26.05.2016, 13:04
Оқылды: 20

Мемлекеттік қызметшілер сынға түсті

????????????????????????????????????

        Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күресі секілді спорт түрлерінен спартакияда өтіп, оған аудан мен ауылдық округ мемлекеттік қызметшілері қатысты.

    Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Санжар Жұматайұлы барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.


    Сайыста бақ сынаған төрт команда қайтсе де жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бақты. Әйтсе де бақ пен бап қатар шаппайтынын ескерсек, сайыстан сүрінгендер де болды.

   Осылайша тартысты өткен бәсекенің  қортындысы бойынша бірінші орынды аудан әкімінің аппараты иеленсе, екінші орын дербес бөлімдерге бұйырды. Ал, үшінші орынға Ақтау, Шежін, Қосшы ауылдық округ командалары табан тіреді.

     Жарысқа қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен командаларға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Есенжол САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале