23.06.2015, 18:23
Оқылды: 40

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет

Karatobe meml kizmetshi   Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданында 23 маусым күні аудандық мәслихат залында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан әкімі: - Мемлекеттік қызмет елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл – бәріміз үшін жауапты қызмет. Өз халқың үшін қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, қолдан келгенше түсініп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз» - деген болатын. Біз – осыны есте сақтауымыз керек. Дана халқымыз: «Ұлық болсаң, кішік бол», - дейді. Сондықтан да, қай істе болмасын кісілік танытып жүрейік. Әсіресе, осындай асыл қасиеттер жастарымызда болсын дегіміз келеді. Өйткені, кемел келешек – сіздердің қолдарыңызда. Бүгінгі төл мерекеде сіздердің өмірлеріңізге тек жақсылық, шуақты күндер мен қуанышты сәттер тілеймін. Сіздердің жақсылыққа деген сенімдеріңіз артып, кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелей берсін, - деген тілегін жеткізіп, көп жылдар мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің басшысы Аймашев Кенжебек Жолдығалиұлына облыс әкімінің «Алғыс хаты» мен сыйлығын тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан Құмарұлы

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале