12.02.2016, 17:37
Оқылды: 50

Мемлекеттік қызмет жұмысы туралы кеңінен түсінік берілді

Memlekettik kizmet 0333   Бүгін Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» атты семинар кеңес болып өтті. Облыстық мемлекеттік қызметі департаментінің ұжымы ұйымдастырған жиынға облыс, қала, аудан әкімдіктерінің аппарат бассышалары және кадр құрамын басқару құрамының жетекшілері өзгеде жауапты мемлекеттік қызметкерлер қатысты.


   Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н. Нұртазин басқосуды қысқаша сөз сөйлеп ашты. Басқосуда мынадай баяндамалар тыңдалды; «Өткен жыл бойы мемлекеттік қызметті өткеру жұмысы туралы және мемлекеттік қызметтің және моделін құрудағы (қадамдар) өзгерістер» баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ аталған департаменттің орынбасары А. Жұбаныштың, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі департамент басшысының орынбасары, БҚО әкімі аппаратының кадр құрамын басқару қызметінің басшысы Ж. Сабированың, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Хайруллиннің, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Ибрашевтың баяндамалары тыңдалды.

Семинар кеңес барысында мемлекеттік қызметтер туралы слайд көрсетілді. Лауазымды тұлғалар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ой пікірлерімен бөлісті. Семинар кеңеске облыс әкімі аппаратының басшысы М. Тоғжанов қатысып сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале