23.06.2015, 15:13
Оқылды: 15

Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

Janibek memlekettik kizmet   Бүгін  Жәнібек аудандық әкімдігінің мәжіліс залында  аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың  төрағалық етуімен мемлекеттік қызметкерлер күніне орай  салтанатты жиын оздырылды.

Салтанатты шарада бірқатар жас мамандар  ант қабылдады. Ант қабылдау үшін  ортаға  аудан әкімі аппаратының  бас маманы  Мирасбек Төрешев  шақырылды.

Мерекелік шара барысында   бірқатар мемлекеттік  қызметкерлер  алғыс хаттармен марапатталды.  Батыс Қазақстан облысының  әкімі Н. Ноғаевтың   алғыс хаты  Жәнібек аудандық  мәслихат аппаратының  жетекші маманы Ғалия  Меңдібаеваға, ҚР Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  департаментінің  басшысы Ә.Әшірбаевтың алғыс хаты   Күйгенкөл  ауылдық  округі  әкімі аппаратының бас маманы  Зинулла Рахмушевке, аудан әкімі  аппаратының персоналды  басқару  қызметінің  басшысы Айсұлу  Абдоловаға табыс етілсе, аудан әкімі  Мұрат Мұқаевтың  алғыс хатымен  Ақоба ауылдық  округінің  әкімі  Рауан Рахметуллин, Талов ауылдық  округінің  әкімі  Марат Мұхамбетжанов, Ұзынкөл ауылдық  округінің  әкімі  Алтай  Бақтығалиев, аудандық ішкі саясат  бөлімінің басшысы  Айдарбек  Жұманиязов, Жәнібек  ауылдық округі  әкімі  аппаратының  жетекші маманы  Нұрлыбек  Төрешевтер марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале