4.11.2016, 15:04
Оқылды: 75

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңес төрағасы тағайындалды

%d0%b8%d1%81%d0%b0%d0%ba%d0%be%d0%b2-%d0%b12         Болат Әлмұханұлы Исақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы болып тағайындалды.

Болат Әлмұханұлы Исақов 1968 жылы туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «қолданбалы математика», 1999 жылы "Әділет" жоғары құқық мектебін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Б.Ә. Исақов еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауарөндірушілер ассоцияциясының инженері  болып бастаған.

1995-2000 жылдар ҚР Әділет Министрлігінің Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы болып істеген.

2000-2010 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2010- 2013 жылдар Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет еткен.

2013-2014 жылдар - ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қаңтары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарып келді.

2016 жылдың 18 қаңтарынан 20 қазаны аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарды.

Болат Әлмұханұлы Исақовтың мемлекеттік қызметте, басшылық жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті бар.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале