21.06.2016, 16:57
Оқылды: 90

«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбындағы мәжіліс

????????????????????????????????????

  Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында мәжіліс өтті.

   Аудан әкімі Әділ Жоламанов ашып жүргізген бұл басқосуда бөлім, ұйымдар жетекшілері мен бас мамандары, ауылдық округ әкімдері алдында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин және Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин сөз сөйледі.


   Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткендіктен, осында игі тілек айтылды. М.С.Нұртазин мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық нормаларды жүзеге асыруға байланысты істерді саралады. Мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кірісушілерге сынақа мерзімі, сыбайлас жемқорлық мониторингі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұмыстары туралы баяндады.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көп бөлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алатыны анықталды, осындай 58 әкімшілік кедергі мен тәуекелдер анықталып отыр, оның ішінде анағұрлым орын алғаны: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің болмау фактілері -8, заңнамамен көзделмеген қосымша құжаттарды сұрату – 7, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыс – 17, стандарттарда қызмет көрсетуден бас тартуға негіздердің болмауы – 13, әкімшілік кедергілер мен артық қағазбастылық туғызу – 3, т.б.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауға қатысты жұмысы туралы 3 ішінара тексеру жүргізу нәтижесінде 49 заң бұзушылық анықталды.

   Б.М.Хайруллин сыбайлас жемқорлықпен күрес заңына енгізілген тиісті өзгерістер жайында тұжырымдады.

   Сұрақтарға жауап қайтарылды.

   М.Нұртазин мемлекеттік қызметшілер күніне орай әріптестеріне игі лебізін айта келіп, аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Амангелді Ашабаева пен АШМ АӨК аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Махамбет Нысанбаевқа департаменттің Алғыс хаттарын тапсырды.

www.zhaikpress.kz
Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале