16.06.2015, 19:13
Оқылды: 19

Мемлекеттің қолдауымен кәсібі өрістеген компания

Steklo servis«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, кәсібін өрістеткен компаниялардың бірі «Стекло-сервис» ЖШС-ның өндірістік базасында пресс-тур ұйымдастырылды.

Өңір журналистеріне компанияның тыныс-тіршілігі туралы аталмыш кәсіпорындағы өндіріс басшысы Анатолий Галицкий әңгімелеп берді.

- Кәсіпорын іргесі 2001 жылы қаланды. Ол кезде бүгінгі директорымыз Аркадий Рубцов бастаған 3-4 қызметкер ғана еңбек ететін бірқабатты шеберхана болатын. Бүгінде қызметкерлер саны 60-қа дейін өсті. Өнімдеріміздің 50 пайыздайы экспортталады. Бір ауысымда 1000 әйнек пакеттерін, соншалықты шаршы метр шыңдалған әйнек, сондай-ақ, 1500-дей әйнек кесінділерін дайындап шығарамыз. Біз өндірген үлкен өлшемді шыңдалған әйнектер қаламыздағы «Әмбебап» сауда үйі секілді бірқатар іргелі ғимараттардың құрылысына пайдаланылды. Өнімдерімізді шығарғанда техникалық тұрғыдан адам өміріне барынша қауіпсіз болуын басты мақсат тұтамыз. Мөлдір әйнекті қажетті жағдайда арнайы диодтардың көмегімен күңгірт түске айналдыратын технология бар. Осыны өндірісімізге енгізу бағытында жұмыстанудамыз. Қажетті шикізаттарды Ресейден аламыз. Кәсіпорында заманға сай автоматтандырылған жабдықтарды қолдану аясы да уақыт өткен сайын кеңейіп келеді. Бұл жұмысты жеңілдетіп, өндіріс қарқынын күшейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тапсырыс бойынша Астана қаласындағы мұз аренасынасының құрылысына қажетті әйнек өнімдерін дайындаудамыз, - дейді Анатолий.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале