5.11.2015, 10:02
Оқылды: 18

Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары басталды

Francia    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Француз Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Мемлекет басшысы Париж қаласына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Президенті Ф.Олландпен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар іскер және саяси топ өкілдерімен келіссөздер өткізу, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою және ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысу шаралары қарастырылған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале