23.11.2016, 16:25
Оқылды: 28

Мемлекет шекарадан басталады

%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d1%88%d0%b5%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b  Қазталов аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 жұлдызды күндер тізбесіне орай «Мемлекет шекарадан басталады» атты дөңгелек үстел оздырылды.

  Бұл шараға №2036 әскери бөлімнің Қазталов шекара заставасы, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, Қазталов ауылдық округінің мамандары және ауыл ардагерлері қатысты.


  Мемлекеттік шекараның қастерлі ұғым екендігін, аумақтық тұтастық пен еліміздің шекарасын қорғауға, туған елдің патриоты болуға тәрбиелейтін бұл шарада аудан аумағандағы шекара қызметі туралы бейнекөрініс пен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесі де көрсетілді.

 Шарада Қазталов шекара заставасы бастығының орынбасары Бауыржан Жаманбай Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы туралы баяндама оқыды.

  Сондай-ақ шекарашылар дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайрат ЖАҚЫП

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале