22.04.2016, 18:23
Оқылды: 18

Меморандумға қол қойды (ФОТО)

   Akjm kol koyip jatir      Бүгін қаламыздағы Достық үйінде облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында өзара ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойылды.

     Меморандум «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» - Ұлт жоспарын  және ҚР Президентінің Судьялардың ҮІ сиезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында жүзеге асты.


     Салтанатты шараға өңір басшысы Алтай Көлгінов,  ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысы Ілияс Испанов, облыстық соттың төрағасы Бек Әметов, сондай-ақ облыстық соттың, прокуратураның, ішкі істер және әділет департаменттерінің, облыстық және қалалық әкімдіктің өкілдері, қоғамдық кеңестер мен адвокаттар алқасының мүшелері, облыстың жеке сот орындаушылары мен кәсіби медиаторлары қатысты.

Akjm soilep jatir

     Жиында алдымен сөз алған облыстық соттың төрағасы Бек Әметов Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» туралы екінші институционалдық реформасы бойынша өзара ықпалдастықты жүзеге асыру жолдары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, өз құзыреттілігі шегінде дауларды (шиеленістерді) шешудің балама әдістерін қолдану аясын кеңейтіп, жаппай тарату мәселелері бойынша өзара ықпалдастықты орнатуға баса көңіл бөлді.

Akjm kol alisip jatir

       Бұдан кейін облыс әкімі Алтай Сейдірұлы қабылданған құжаттың маңыздылығына тоқталып өтті.

     - Ұлт жоспарының негізгі мақсаты мемлекетіміздің экономикасын дамыту, бәсекелестікті арттыру және 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына енгізу болып табылады. Бес реформаның бағыттары баршаңызға белгілі және оны іске асыру басталды. Бірінші бағыты мемлекет аппаратының тиімділігін арттыру арқылы бәсекелестікті күшейтуге, тәуелсіз сот режимінің құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, индустрияландыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртуға, «Мәңгілік ел» идеясы және Ассамблея институтына сүйенген азаматтық біртектілік пен біртұтастықты нығайтуға бағытталған. Мемлекетте қоғамдағы құқықтық-әлеуметтік немесе тұрмыстық мәселелер туындаған жағдайда азаматтар ең бірінші сотқа жүгінеді. Бұл өркениетті қоғамның белгісі және сотқа деген сенімнің артуы деп түсінгеніміз жөн. Сот жүйесін жаңғырту және ашықтығын қалыптастыруға бағытталған істерге мелекет зор сенім артады. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы өте зор. Дөңгелек үстел аясында қол қойылғалы отырған ынтымақтастық меморандумы Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолындағы нақты қадамдардың бірі болады деп сенім білдіреміз, -  деді өңір басшысы.

     Бұдан кейін Алтай Сейдірұлы мен облыстық соттың төрағасы Бек Әметов «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» - Ұлт жоспарын  орындау аясындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды.

Akjm kol koyip bolip jatir

     Кеңес  одан әрі  «Бітімгершілік рәсімдерінің тәжірибесіне талдау», «Сот жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудағы жаңашылдықтар», «Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу», «Медиация - дауды балама жолмен шешудің амалы ретінде» тақырыптардағы баяндамалармен жалғасын тапты. Мұнда облыстық соттың судьялары, облыстық адвокаттар алқасының төрағалары мен кәсіби медиаторлар сөз сөйлеп, өзара тәжірибе алмасты.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале