21.07.2015, 18:14
Оқылды: 24

Меморандумға қол қойды

Zelenov memorandum kol   Бүгін «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы  аудандық ардагерлер кеңесі және «Калинушка», «Шатлық» этно-мәдени бірлестіктерімен өзара ынтымақтастық  меморандумына қол қойды.

Мемлекеттік саясат және аймақтық этносаясаттың тиімді жүзеге асуына мүдделестік танытқан меморандумға қол қою ауданда жұмыстанатын қоғамдық ұйымдар арасында жалғасын таппақ.

- Ынтымақтастық меморандумына қол қою игі бастама. Ауданда этностық өзара байланысымызды нығайтып, мәдениеттерді, тілдер мен этностық дәстүрлерді одан әрі жетілдіру, тұрғындардың саяси-құқықтық, әлеуметтік мәдениетін дамытуда да бұл келісімнің маңызы зор. Алдағы уақытта бастама өзгелерге үлгі болып, өзге де қоғамдық ұйымдармен келісімге отырмақпыз, - деген  «Нұр Отан» партиясы аудандық филилалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сигунов қатысушыларды меморандумда белгіленген мақсаттармен жіті таныстырып өтті.

Айтылған талап-тілектердің  аяқсыз қалмайтындығын тілге тиек еткен филиал төрағасы К.Жақыпов қоғамдық ұйым өкілдерінің келер уақытта да бірлесіп табысты  жұмыстанатындықтарына сенім білдірді.

www.zhaikpress.kz

ДИНАРА НАСЫРОВА

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале