15.04.2016, 17:03
Оқылды: 37

«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік мекемесінің облыстық бөлімшесінде жиын болып өтті

ZH-350x3501     Бүгін «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік мекемесінің облыстық бөлімшесінде құрылыстағы жобалық сметалық құжаттамаларды мезгілінде және сапалы даярлау тапсыру мәселелеріне арналған жиын болып өтті.

   Оған мемлекеттік және жекемкеншік құрылыс фирмаларымен кәсіп орындарының басшылары жетекші мамандары жобалаушылар және басқасы қатысты. Жиынды аталмыш облыстық бөлімшенің директоры Бауыржан Сейітқали ашып, қысқаша сөз сөйледі.


       Басқосуда бөлімше директорының орынбасары Александр Горшковтың өткен жылғы жұмыс нәтижесі туралы және өндірістік бөлімнің бастығы Владимир Ковиннің күн тәртібіне байланысты хабарламалар тыңдалды.

        Олардан басқа сол бөлімшенің заңгері Элмира Сейткереева сөз сөйледі.

     Жобалық сметалық құжаттамаларды тексеріп, сараптама жасап, мемлекеттік қорытынды беруде тыңдырылған істер бар. Өткен жылы бұл кәсіпорын жалпы ұсынылған құны 187,155 млрд. теңгені құрайтын 460 жобаны қарап, соның 439-ын бекітті. Алайда өткен жылы 3387 жобалау нормативтерінен елеулі ауытқушылық байқалған.

        Жиын соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале