2.09.2015, 19:42
Оқылды: 16

Мемхатшы халықаралық конференцияға қатысты

AbdihalikovaБүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова «Әлеуметтік қамсыздандырудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар мен бірыңғай шешімдер жолында» атты ХIV халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушылары Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚМ), Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік сақтандыру қоры.

Конференция жұмысына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова қатысты. ХӘҚМ тарапынан жоғары басшылықтың өкілдері: президент Эррол Франк Стуве, бас хатшы Ханс-Хорст Конколевски қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлемде орын алып отырғанкүрделі экономикалық ахуалдың аясында Қазақстан өзін халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі іс-шараларын дәйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан тұрақты әрі дамыған мемлекет ретінде көрсетуде. Бұл үшін республикада тиісті әлеует пен экономикалық алғышарттар бар, деп атап өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты таяу болашаққа бағытталған Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтердің бірыңғай жеткізушісіне айналатын«азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру белгіленген. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауы тек қана үйлестірілген әлеуметтік және экономикалық саясатты жүргізгенде мүмкін болмақ.

Конференция халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында техникалық және әкімшілік жұмыс тәсілдерін жетілдіру арқылы әлеуметтік қамсыздандыруды дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талдау және талқылау үшін бірегей жаһандық тұғырнама болып табылады.

Аталған халықаралық іс-шара шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларының жетістіктері көрсетілетін болады. Әлемнің әр өңірінің әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары да өздерінің жетістіктерін паш етіп, дүниежүзілік деңгейдегі ақпараттық-коммуникациялықиндустрияның өкілдері тарапынан баға берілмек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале