23.06.2015, 18:15
Оқылды: 22

Мемқызметкердің мерейі үстем

Memkizmeetkerler akim   Мемлекеттік қызметкер күні биыл кәсіптік мереке ретінде Отанымызда екінші рет ресми түрде аталып өтуде. Жақында осыған орай, облыстық филармонияның мәжіліс залында конференция мен марапаттау рәсімі болды. Салтанатты шараға облыс әкімі Н.Ноғаев қатысып, сөз сөйледі.

Шараның алғашқы бөлімінде «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты конференцияны ашқан облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен былай деді:-Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекеттің заңды мүдделерін қорғаудағы мемлекеттік қызметкердің маңызын жоғары қояды. Әр мемлекеттік қызметкердің де еңбегі зор. Мемлекеттік қызметкер-елдің сенімін ақтайды, ұлттың абыройын өсіреді. Мемлекет басшысы әр мемлекеттік қызметкердің халық қызметшісі екенін көрсете келіп, оның сол парызын ұмытпау керектігін үнемі ескертіп отырады.

Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев  «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен «Партия жобалары арқылы 100 нақты қадамның орындалу жолдары», облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апеляциялық алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты баяндамалар жасады.

Салтанатты шараның келесі марапаттау  бөлімінде облыс әкімі Н.Ноғаев сахнаға көтеріліп, бір топ мемлекеттік қызметкерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі пен өзінің атынан марапат қағаздарды салтанатты түрде табыс етті. Сый-құрметке ие болғандардың ішінде облыстық жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы Жанайдар Молдашев, облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Индира Ғазезова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Индира Суханова және басқалары бар. Сонан соң, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің  басшысы Әділхан Әшірбаев өздерінің атынан бір топ мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.

www.zhaikpress.kz

СЕРІК ІЗБАСАРҰЛЫ  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале